Accessibility links

Ресейдің “Русал” компаниясы Тәжікстанда су-электр стансасын салмайтын болды


ДУШАНБЕ: Тәжікстан су-электр стансасын салу туралы Ресейдің “Русал” алюминий компаниясымен арадағы келісім-шартын бұзды. Бүгін тәжік президентінің кеңсесі таратқан мәлімдемеде айтылғандай, “Тәжікстан үкіметі мен Ресейдің алюминий компаниясы арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастық туралы келісімнің күші жойылды”. “Русал” компаниясының Душанбедегі кеңсесі түсініктеме беруде бас тартты. Тәжік баспасөзінің хабарлауынша, 2004-інші жылы қол қойылған келісімге сәйкес, су-электр станасының жобалық құны шамамен 1 млрд. долларға бағаланды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG