Accessibility links

Бакудегі құлаған үйдің астында қанша адамның қаза болғанын ешкім білмейді


БАКУ: Бүгін Бакуде құрылысы аяқталмай жатып құлаған үйдің астынан тағы 2 адам аман шығарылды. Әзірбайжанның Төтенше жағдайлар бойынша министрлігі үйдің астында әлі 3 адамның қалғанын және олардың халін телефон арқылы біліп отырғанын хабарлайды. Бас прокуратураның мәліметіне сәйкес, 8 адам қаза болып, 6 кісі жараланған, бесеуі құтқарылды. Толық ақпарды ешкім білмейтін тәрізді. Үйді салып жатқан құрылыс фирмасының не лицензиясы, не үй салуға рұқсаты болмаған, әзірше фирманың 4 өкілі ұсталды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG