Accessibility links

Өзбек президентінің Ашхабадқа сапары кезінде бірнеше ресми келісімге қол қойылады


ТАШКЕНТ: Өзбекстан президенті И.Кәрімовтің Ашхабадқа сапары барысында қол қойылатын 2 жақты келісімдердің мәтіндерін пысықтау мақсатымен Түркіменстанның сыртқы істер министрі Рашид Мередов бүгін Ташкентке келді. И.Кәрімовтің Түркімнстанға нақты қашан баратыны әлі белгісіз. Бірақ оның барысында өзбек лидері мен Түркіменстан президенті Г.Бердімұхамедов энергетика, ауыл-шаруашылық көлік қатынасы және туризм салаларындағы ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қоюға тиіс.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG