Accessibility links

Жаңа сайланған Түркия президентін Еуропа Одағы бірінші болып құттықтады


АНКАРА: Түркияның бірінші исламшыл президенті А.Гүл бүгін жаңадан жасақталған үкіметтің құрамын бекітуге тиіс. А.Гүл сейсенбі күні парламенттегі сайлаудың соңғы - үшінші турында президент болып сайланып, елдің зайырлы мемлекеттік құрылымына және Анкараның Еуроодақ құрамына ұмтылуына бейтарап қарауға уәде берді. Оны Еуропа Одағы құттықтады. Бүгін Түркияның жаңа президенті 22-нші шілде күні өткен кезектен тыс парламент сайлауында Әділет және өрлеу партиясы жеңіске жеткен Р.Т.Эрдоганның жасақтаған жаңа үкіметін бекітуге тиіс.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG