Accessibility links

Бұрынғы Пәкістан басшысы еліне оралмақшы


Қуғындағы бұрынғы Пәкістан басшысы Науаз Шариф қыркүйектің 10-да еліне оралып, алда келе жатқан сайлауда президент Первез Мушараффпен бақталасуға ниеттеніп отыр. Лондонда сөйлеген сөзінде Шариф былай деді:

“Исламабад ел астанасы болғандықтан және сол жерден біз осыдан 8 жыл бұрын елімізді тастап кеткендіктен, біз дәл сол қалаға оралып Пәкістандағы өктемдікке қарсы күресімізді бастамақшымыз”.

Науаз Шариф биліктен құлатылып 2000 жылы Пәкістаннан кетіп қалған болатын. Ал сәрсенбі күні қуғында жүрген бұрынғы Пәкістан премьер-министрі Беназир Бхутто президент Первез Мушаррафпен билік бөлісу жөнінде келісім жасауға жақындап қалғанын айтты.
XS
SM
MD
LG