Accessibility links

Ирақта 2003 жылдан бері 200 ақпарат өкілі құрбан болған


Ираққа 2003 жылдың наурызында АҚШ бастаған күштер басып кіргеннен бері 200 журналист пен ақпарат өкілдері қаза болған. Бұл туралы Шекарасыз репортерлер ұйымының бүгін жарық көрген есебінде айтылды. Ақпарат бұлақтарына қызмет еткендерге қатысты соңғы қайғылы оқиға тамыздың 25-де тіркеліп, АҚШ-тың CBS телерадиосында аудармашы болып жүргенде ұсталған Ануар Аббас Лафтаның мәйіті Бағдад маңынан табылды. Шекарасыз репортерлер ұйымы қаза болғандардың 88 пайызы ирақтық журналистер екенін айтып отыр.
XS
SM
MD
LG