Accessibility links

АҚШ президенті несие дағдарысын жеңілдетпекші


АҚШ президенті мен орталық банк төрағасы АҚШ-та қалыптасып отырған несие дағдарысының елдің ұлттық экономикасына теріс әсері болмауы үшін әрекет етеміз деп уәде берді. Бірақ Джордж Буш пен Бен Бернанке үкімет пен орталық банк өз уақытында өтелмеген ипотека несиелеріне орай миллиардтаған доллардан айырылған кредиторларға жәрдем беруге тиісті емес деп мәлімдеді. Бернанкенің айтуынша, АҚШ-тың орталық банкі дағдарыстың теріс әсерін азайту мақсатында әрекет ететін болады. Енді әлемнің ең ірі ұлттық экономикасында процент ставкасы азаюуы мүмкін, дейді сарапшылар.
XS
SM
MD
LG