Accessibility links

Кепілдіктен босатылған 19 Оңтүстік Корея азаматы еліне оралды


6 апта бойы Талибанның тұтқынында болған кореялықтар бүгін Сеулға ұшып келді. Талибан өкілінің Рейтерс ақпарат агенттігіне айтуынша, Оңтүстік Корея үкіметі өз азаматтарының босатылуы үшін 20 миллион доллар төлеген. Бірақ ресми Сеул бұл хабарды жоққа шығаруда. Оңтүстік Корея үкіметі талибандықтармен келіссөз жүргізгені үшін сынға алынды. Шілде айында ұрланған 23 кореялық азаматтың екеуін тәліптер өлтіріп, тағы екеуін бұдан бұрын азат еткен болатын.
XS
SM
MD
LG