Accessibility links

Беслан қантөгісіне үш жыл толды


Аза тұтушылар Беслан трагедиясының үш жылдығын атап өту үшін Ресейдің оңтүстігінде жиналды. 2004 жылы 1-ші қыркүйекте шешен сепаратистері Солтүстік Осетияның Беслан қаласындағы бір мектепті басып алып, мыңнан аса адамды кепілдікке алған болатын. Ал 3-ші қыркүйек күні Ресей қауіпсіздік күштері мен соғысушылар арасында орын алған қақтығыс қантөгіспен аяқталды. Ол оқиғада 330-дан аса адам құрбан болды, олардың көбі балалар еді. Ресей президенті Владимир Путин халық бұл трагедияны ешқашан ұмытпайды бірақ әрі қарай алға жылжуға уақыт келді деп мәлімдеді. Ал көңілі ашу-ызаға толған құрбандардың туыстары болса Беслан оқиғасына қатысты тергеу ақырына дейін жүргізілмеді дейді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG