Accessibility links

Ингушетиядағы талай террористік қастандыққа қатысы бар 2 күдікті ұсталып, үшіншісінің көзі жойылды


НАЗРАНЬ: Ингушетияның Қарабұлақ қаласындағы арнайы тінту шарасының барысында көзі жойылған және қолға түскен Әпті Далаков пен Илиз Долгиевтің 31-інші тамыз күні мектеп мұғалімі - Вера Драгончуктің 2 баласы мен ерін өлтіруге және армия мен милиция қызметкерлеріне қарсы тағы бірқатар шабуылға қатысы бар. Ол туралы Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметін сілтеп көрсеткен ИТАР-ТАСС агенттігі хабарлайды. Сонымен қатар Ингушетияда 4 милиционер қаза болып, жергілікті тұрғын жараланған Назрань қаласының орталығындағы жұма күнгі жарылысқа байланысты 1 күдікті ұсталды.
XS
SM
MD
LG