Accessibility links

Иран 1 жылдың ішінде атом бомбасын жасауға жететін уран байыта алады


ТЕҺРАН: Иран президенті М.Ахмадинеджад елде уран шикізатын байытуға қажетті 3 мыңнан асатын центрофугасы барлығын мәлімдеді. Бірақ оны растайтын тәуелсіз ақпарат көзі жоқ. Ахмединеджад, сонымен қатар, өзіне жаза қолдану туралы БҰҰ-ының Қарарына қарамастан Теһран өзінің ядролық бағдарламасын жалғастыра беретінін тағы да қайталады. БҰҰ-ы Теһранды “ядролық бомба жасап жатыр” деп айыптап, оған жаза қолдану туралы 2 Қарар қабылдап үлгерді. Сарапшылардың есебі бойынша, егер Ахмадинеджадтың әлгі сөзі расталса, онда Иран 1 жылдың ішінде ядролық бомба жасауға жететін уранды байытып үлгереді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG