Accessibility links

Украинадағы кезектен тыс парламент сайлауы қыркүйектің соңында өтуге тиіс


КИЕВ: Украина президенті В.Ющенко билік басындағы коалицияны кезектен тыс парламент сайлауының қарсаңында оғарғы Раданың сессиясын шақырмақ болған әрекеті үшін өткір сынға алды. Президент үзілді-кесілді мәлімдегендей, қазіргі парламент таратылды, ал жаңа парламенттің сайлауы 30-ыншы қыркүйекке тағайындалды. Оның алдында Жоғарғы Раданың спикері әрі Социалистік партияның лидері Олександр Мороз барлық депутатқа және президент пен премьер-министрдің атына сессияға шақыру жіберілгенін хабарлады.
XS
SM
MD
LG