Accessibility links

Теһранда 4 айдай түрмеде отырған АҚШ-тың тегі ирандық ғалымы Аустрияда жүр


ВЕНА: Американың тегі ирандық ғалымы Хале Эсфандиари, соңғы мәлімтке қарағанда, қазір Аустрияда жүр. Ол жуырда ғана Иранда тұтқыннан босатылған болатын. “Ассошиэйтед Пресс” агенттігіне оның қызы Бахаш хабарлағандай, Хале Эсфандиари АҚШ-қа аттанардан бұрын бір аптадай Аустрияда болуды жоспарлап отыр. АҚШ-тағы Вудро Вильсон атындағы Халықаралық зерттеу орталығының қызметкері болып табылатын Эсфандиари – “тыңшылық етті” және “ресми билікке қарсы қастандықты әзірлеуге атсалысты” деген айыптар бойынша мамыр айының басында Теһранда қамауға алынды. Тамыздың соңында ол кепілдік төлеп бостандыққа шықты.
XS
SM
MD
LG