Accessibility links

Рок музыкасының жұлдыздары көбіне қартаймай дүние салады


ЛОНДОН: Рок музыкасының жұлдыздары өзгелерге қарағанда көбіне қартаймай қайтыс болатын тәрізді. Негізінен Ұлыбритания мен Солтүстік Американың 1 мыңнан астам өнер қайраткерлерінің өмірін зерттеуден кейін, жалпы халыққа қарағанда, өнер жұлдыздарының 2-3 есе ерте қайтыс болатыны анықталды. Англияның Ливерпуль қаласындағы Джон Мурес университетінің денсаулықты зерттеу орталығының ғалымдары 1956 мен 2005-інші жылдардың аралығында 1064 рок жұлдызының арасынан 100-інің қайтыс болуы себептерін зерттеп, осындай қорытындыға келді.
XS
SM
MD
LG