Accessibility links

Косово албандары Еуроодақтан өлкенің құқықтық мәртебесін дереу шешуді талап етеді


ПРИШТИНА: Косово өлкесінің саяси жетекшілері Еуропа Одағына осы өлке халқының басым көпшілігін құрайтын албандардың тәуелсіздік беру туралы ұсынысын қолдауға шақырған өтінішін жолдады. Олардың мәлімдеуінше, қазір Сербияның құрамына кіретін Косовоның құқықтық мәртебесі дереу шешілуге тиіс. Халықаралық қоғамның бақылауымен Косовоға тәуелсіздік беру туралы жоспардың БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесінде мақұлдануына Ресейдің вето қоюы мүмкін болғандықтан, Еуроодақ та, Америка Құрама Штаттары да ол жоспардан бас тартқан болатын. Ресми Мәскеу Косовоға тәуелсіздік беруге түбегейлі қарсы болған Сербияны қолдайды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG