Accessibility links

Вашингтон Солтүстік Кореяны өзінің “қара тізімінен” алып тастамайды


СИДНЕЙ: АҚШ-тың мемлекеттік хатшысының орынбасары К.Хилл Солтүстік Корея терроризмді қаржыландыратын мемлекеттердің “қара тізімінде” қалатынын мәлімдеді. Дүйсенбі күні ресми Пхеньян өткен жексенбі күні Женевада болып өткен екі жақты келіссөздің барысында АҚШ өзінің әлгі “қара тізімінен” Солтүстік Кореяны шығаруға келісті деп хабарлаған болатын. К.Хиллдың мәлімдеуінше, Женевадағы келіссөзде Пхеньян осы жылдың соңына қарай өзінің ядролық бағдарламасыны қатысты бар құпия ашып, барлық ядролық қондырғысын бұзуға келісті. Бірақ К.Хилл оның есесіне Вашингтонның қандай уәде бергенін айтпады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG