Accessibility links

Британия күштері Ирақтың Басра қаласынан шығып болды


Бұл хабарды Британ әскери өкілдері растады. Ирақтың оңтүстігіндегі осы қаладан 550-дей британ солдаттары жексенбінің кешінде шыға бастаған болатын. Басра әуе жайына жақын орналасқан, Ирақтағы Британияның соңғы базасындағы 5 мыңдай әскерилерге олар барып қосылды. Шайқас сипатынан енді олар бақылау жасау міндетіне көшті, деді Британия үкімет басшысы Гордон Браун Лондонда сөйлеген сөзінде.
XS
SM
MD
LG