Accessibility links

Ресми Астана Қашаған мұнай кен орнының болашағына қатысты мәлімдеме жасамақшы


Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімовтың хабарлауынша, бейсенбі күні ресми Астана Қашаған мұнай кен орнының болашағына қатысты мәлімдеме жасайды. Қазақстан бұл жобаға байланысты жұмыстарды уақытша тоқтатып қойған болатын. Қазақстанның қаржы министрінің орынбасары Дәулет Ерғожиннің хабарлауынша, Қазақстан - алып Қашаған мұнайкенорнын игеретін операторлар келтірген экономикалық шығынды 10 миллиард доллардан астам сомаға бағалаған.
XS
SM
MD
LG