Accessibility links

Осы жылы “Талибан” жасаған бомба шабуылдарынан Ауғанстанда 230 қарапайым тұрғын құрбан болды


Ауғанстан ішкі істер министрінің баспасөз-хатшысы Замарай Башаридің айтуынша, ол шабуылдардан сондай-ақ 650 қарапайым тұрғын жарақат алған. НАТО жетекшілігіндегі қауіпсіздік күштерінің баспасөз-хатшысы майор Чарльз Антонидің мәлімдеуінше, құрбан болғандардың 12 проценті соңғы 2 аптада тіркелген. Ал осы аптада Башари талибандықтарға қатысты шабуылдардан наурыз айынан бері 500-ге жуық полиция қызметкері қаза тапты деп айтқан болатын.
XS
SM
MD
LG