Accessibility links

Иран Бушер ядролық электростанциясы ойдағыдай салынып жатыр дейді


Иран ресми өкілдері Бушер ядролық электростанциясының құрылысы ойдағыдай жүріп жатыр, құрылысты аяқтайтын Ресей міндеттемесіне берік дейді. Мұны Иранның ядролық бағдарламасы жөніндегі бас өкілі Әли Лариджани және сыртқы істер министрі Манучер Мотаки айтты. Дегенмен, ядролық электростанцияның тұсаукесері қашан болатыны айтылған жоқ. Құрылыс жүргізіп жатқан "Атомстройэкспорт" Ресей компаниясының өкілі келіссөз әлі аяқталған жоқ, Иран ресми өкілдері айтқан мәліметті растай алмаймын дейді.
XS
SM
MD
LG