Accessibility links

Осама бин Ладен үндеу жариялайды деп хабарланды


"Әл Қаида" террорлық ұйымының интернет-сайты ұйым басшысы Осама бин Ладен 2001 жылы 11 қыркүйекте Америка Құрама Штаттарында жасалған шабуылдардың алты жылдығына орай үндеу жариялайды деп хабарлады. Үндеу бейнежазу арқылы айтылмақ. Бейнежазудың дәл қашан шығатыны анық емес. Бин Ладен бейнежазу арқылы бұқара алдына соңғы рет осыдан үш жыл бұрын, 2004 жылдың қараша айында шыққан. Ол кезде Америка Құрама Штаттарында президент сайлауы жүріп жатқан.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG