Accessibility links

Қуғындағы Пәкістанның бұрынғы премьер-министрі еліне аттанды


Қуғындағы Пәкістанның бұрынғы премьер-министрі Науаз Шариф Пәкістанға аттанды. Ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, Шариф Лондонда ұшаққа отырған, ол енді дүйсенбі күні таңертең Исламабадқа қонады деп күтілуде. Науаз Шариф 1999 жылы президент Первез Мушарраф тарапынан биліктен құлатылған болатын. Шариф осы жылы болатын президент сайлауына қатысып Первез Мушаррафпен бақталасуға ниеттеніп отырғанын айтты. Науаз Шариф еліне оралғанда қамауға алына ма жоқ па, бұл әлі белгісіз. Пәкістан билігі Исламабад әуежайында қауіпсіздікті күшейтіп, Шарифтің 2 мыңнан аса қолдаушысын тұтқындады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG