Accessibility links

Путин Австралияда уран келісіміне қол қойды


Ресей мен Австралия уран жөніндегі келісімге қол қойды. Ол келісім Ресейдің ядролық бейбіт бағдарламасына уран қолдануға мүмкіндік береді. Аталмыш құжатқа Ресей президенті Владимир Путин мен Австралия премьер министрі Джон Ховард бүгін Сиднейде қол қойды. Австралиядағы Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастық форум саммитіне қатысуға келген Владимир Путин сондай-ақ, АҚШ президенті Джордж Бушпен де кездеседі. Онда АҚШ пен Ресей президенттері Орталық Еуропада зымыран қорғанысын орнату мәселесіне орай келіссөз өткізеді.
XS
SM
MD
LG