Accessibility links

Азия Тынық Мұхитының жетекшілері ауаға лас газ шығаруды азайтуға шақыруда


Сиднейде кездесіп жатқан Азия Тынық мұхиты Ынтымақтастық ұйымының жетекшілері ғаламдық жылынудың алдын алуға шақырды. Саммитке төрағалық етуші Австралияның премьер министрі Джон Хоуардтың айтуынша, әлем жетекшілері ғаламдық жылынумен күресте ұзақ мерзімді күш жігерін салуға келісті. Дегенмен, онда ешқандай міндеттемелер жасалған жоқ. Сиднейде өтіп жатқан Азия Тынық Мұхиты Экономикалық Ынтымақтастық Саммитіне қатысушы 21 елдің ішінде Құрама Штаттар, Ресей және Қытай елінің президенттері де бар.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG