Accessibility links

Яап де Хооп Схеффер Ресеймен сенімді қатынас жүргізгіміз келеді деп мәлімдеді


НАТО ұйымының бас хатшысы Яап де Хооп Схеффер Ресей мемлекетімен сенімді және толыққанды қатынас жүргізгіміз келеді деп мәлімдеді. Яап де Хооп Схеффер Ресей жетекшілігі Еуропамен ұзақ мерзімді қатынас жасағысы келсе, ғаламдық қауіпсіздікті ұлғайтқысы келсе – бұл олардың өздеріне тәуелді деді. Ресей осы аптада стратегиялық бомбалаушы ұшақтарын НАТО мүшесі Норвегияның кеңістігіне кіргізген болатын. Бұдан соң Норвегия мен Британия қырғи ұшақтарын көтеруге мәжбүр болған.
XS
SM
MD
LG