Accessibility links

АҚШ соты Иран үкіметі қаза тапқан 241 сарбаздың отбасына 2 миллиардтан астам доллар төлесін деп бұйырды


АҚШ федералды соты Иран үкіметі 1983 жылы Ливанда америкалық базада жасалған бомбалық шабуыл үшін жауапты, қаза тапқан 241 сарбаздың отбасына 2 миллиард 65 миллион доллар өтемақы төлесін деп бұйырды. Төреші Ройс Лемберзс Америка Құрама Штаттарының соты шетел үкіметіне қарсы осыншама үлкен сомада алғаш рет үкім шығарып отыр дейді. Жанкештілік бомба шабуылын "Хезболла" ұйымының адамы жасаған болатын. Істі талай рет қараған АҚШ соттары "Хезболла" ұйымына Иран көмектесті дейтін. Иран шабуылға еш қатысымыз жоқ деп келеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG