Accessibility links

АҚШ ресми өкілдері Осама бин Ладеннің бейнеүндеуін зерттеп жатырмыз дейді


Бейнежазу үзінділері 2001 жылы 11 қыркүйекте Америка Құрама Штаттарында жасалған террорлық шабуылдардың алты жылдығына санаулы күн қалғанда жарияланды. Осама бин Ладен Америка Құрама Штаттары әскери және экономикалық қуатына қарамастан бәрі бір қауіп астында деп айтты, америкалықтар ислам дініне өтіп, Ирақтағы соғысты тоқтатсын деді. АҚШ техникалық сарапшылары бұл расында да Осама бин Ладеннің дауысы дейді. Орталық барлау агенттігінің директоры Майкл Хейден "Әл Қаида" Америка Құрама Штаттарының нысандарына кең көлемді шабуыл жасауды ойластырып жатқан сияқты дейді.
XS
SM
MD
LG