Accessibility links

Ауғанстанда бомба шабуылдарының көпшілігін шетелдік азаматтар атқарады


Ауғанстанда "Талибан" тарапынан ұйымдастырылатын жанкештілік бомба шабуылдарының көпшілігін ауғандықтар емес, шетелдік азаматтардың атқаратыны анықталды. Бұл жайында кеше жарияланған Біріккен Ұлттар Ұйымының баяндамасында айтылады. Баяндамаға қарағанда, шабуыл жасайтындардың 80 пайызынан көбі Пәкістанда табылады және Пәкістанның өз басында дайындықтан өтеді. Ауғанстанда жанкештілік бомба шабуылдары ұлғайып барады. Биылдың өзінде жүзден астам жанкештілік шабуыл жасалды.
XS
SM
MD
LG