Accessibility links

Пәкістан армиясының автокеруеніне шабуыл жасаған 10 экстремист оққа ұшты


ИСЛАМАБАД: Бүгін Пәкістанның солтүстік-батысында экстремистер армияның автокеруеніне тасадан шабуыл жасады. Ресми биліктің хабарлауынша, екі жақты атыстың барысында шабуыл жасаған 10 экстремистің өзі оққа ұшып, армияның 7 жауынгері жараланды. Бұл қақтығыс Пәкістанның Солтүстік Вазиристан өлкесінде болды. Жараланған жауынгерлердің халі жаман емес көрінеді.

AzattyqTV

Франциядағы сайлау

Кім президент болады?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG