Accessibility links

Пәкістанның экс-премьер-министрі Н.Шариф ештеңеге қарамастан елге оралмақшы


ЛОНДОН: Өзіне Сауд Арабиясы жағынан қысым көрсетілуіне қарамастан Пәкістанның экс-премьері Наваз Шариф президент П.Мушаррафтың әскери билігіне қарсы саяси науқан өткізу үшін дүйсенбі күні елге оралатынын мәлімдеді. П.Мушаррафтың ұйымдастырған әскери төңкерісінің салдарынан1999-ыншы жылы елден Саудияға қуылған Н.Шариф, сенбі күні Лондонда өткізгенін баспасөз-маслихатында, елге оралатынын, өйткені “Пәкістан өзін “қажет етіп” отырғанын атап көрсетті. Сауд Арабиясы болса, Н.Шариф – Пәкістанға 10 жыл бойы аяқ баспау туралы келісімді орындайды деп үміттенеді. Бүгін Исламабадта Н.Шарифтің партиясы өзінің 2 мың мүшесі тұтқындалғанын мәлімдеді, бірақ ресми билік тәртіп бұзған “250 адамды” ғана ұстағанын хабарлайды.
XS
SM
MD
LG