Accessibility links

АҚШ Конгресінде Ирақ мәселесінің тыңдалуы алдында бин Ладин туралы бейнесюжет “пайда болды”


ВАШИНГТОН: Бүгін АҚШ президентінің ішкі қауіпсіздік мәселесі бойынша кеңесшісі Фрэнсис Таунсенд “Әл-Қаида” ұйымының көсемі Усама бин Ладинді көрсететін жаңа бейнесюжет түпнұсқаға ұқсайды деп мәлімдеді. Бірақ, оның атап көрсетуінше, бейнесюжетте Америкаға қарсы сөзсіз шабуыл жасалатыны туралы нақты ештеңе айтылмайды. Сөз болып отырған бейнесюжет АҚШ-қа қарсы 2001-інші жылдың 11-інші қыркүйегіндегі терроистік шабуылдың 6-жылдығы қарсаңында пайда болды. “Әл-Қаида” ұйымы ол шабуылды өзі іске асырғанын мәлімдейді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG