Accessibility links

ЕуроКомиссия ресми Исламабадтан экс-премьердің елге оралуына рұқсат беруін талап етеді


ИСЛАМАБАД: Бүгін еліне оралған Пәкістанның экс-премьер-министрі Наваз Шариф дереу қамауға алынып, тағы да Сауд Арабиясына қуылды. Қазіргі президент П.Мушарраф бастаған 1999-ыншы жылғы әскери төңкерістен кейін Н.Шариф үкімет басынан аластатылып, бірқатар айып бойынша өмірінің соңына дейін түрмеге кесілді, бірақ көп ұзамай “10 жыл Пәкістанға аяқ баспаймын” деген уәдесінен соң шетелге қуылды. Н.Шариф осы жылдың соңында өтетін сайлауда П.Мушаррафтың әскери режиміне қарсы тұратынын әлденеше рет мәлімдеген болатын. Брюссельде Еуропа Комиссиясының өкілі Пәкістанның Жоғарғы Сотының өткен айдағы шешіміне сәйкес, Н.Шарифтің елге оралуына рұқсат беруге тиіс деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG