Accessibility links

Бүгін Палестина төрағасы мен Израиль премьер-министрі тағы да кездеседі


ИЕРУСАЛИМ: Палестина төрағасы М.Аббас бүгін Иерусалимде Израиль премьер-министрімен арада өтетін келіссөзінің барысында Палестина мемлекетінің “құрылымы” бойынша келісімге келеміз деп үміттенетінін мәлімдеді. Бірақ М.Аббас ескерткендей, оған кедергілер де жоқ емес. Израиль жағының хабарлауынша, 2 лидер қауіпсіздік және экономика проблемаларын талқылайды. Израиль мен Палестина арасындағы бейбіт келіссөзді жалғастыруды көздеген АҚШ-тың бастамасымен соңғы кезде М.Аббас пен Э.Ольмерт тұрақты кездесіп тұрады. АҚШ-тың ұсынысы бойынша бүкіл әлемдегі бейбітшілікке аналған халықаралық конференция қараша айында Вашингтонда өтуге тиіс.
XS
SM
MD
LG