Accessibility links

Ресми мәлімет бойынша Қазақстан президенті Назарбаев 11-12 қыркүйекте Түркменстанға барады. Бұл туралы Астанада қыркүйектің 10 күні Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаев хабарлады. Оның айтуынша сапар барысында мұнайгаз саласыда талқыланады. Ал кейбір жергілікті саясаткерлердің айтуынша мұнайгаз экономикалық сұрақтан саяси мәселеге айналып кеткен.

Ресми мәлімет бойынша Қазақстан президенті Назарбаев 11-12 қыркүйекте Түркменстанға баруды жоспарлап отыр. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаевтың айтуынша сапар барысында мұнайгаз саласыда талқыланады:

- Мемлекет басшысы Түркмен президентімен кездесіп шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізеді. Атап айтқанда қазақстандық компаниялардың Түркменстандағы мұнайгазкенорындарын игеру талқыланады.

Бұған дейін президент Назарбаев хабарлағандай қазақстандық компаниялардың Түркменстандағы мұнайкенорындарын барлауына қатысу және Түркмен газын сыртқы базарға Қазақстан арқылы өткізу мәселесі талқыланған. Ресей БАҚ-тарының "Газпром" компаниясының басқарма төрағасы Александр Медведевке сілтеме жасап хабарлауынша осы қыркүйекте қол қойылуға тиіс болған Каспийжанындағы газқұбырын салу жөніндегі келісімдер дайындығы аяқталып келеді. Еске салсақ 2007 жылдың мамыр айында Түркменбашы қаласындағы саммитте Ресей, Қазақстан, Түркменстан президенттері осы құбырды салуға уағдаласқан. Жорамал бойынша газқұбыры Каспий жағалауы арқылы Түркменстаннан Қазақстан арқылы Ресейге жетеді. Бұл құбыр Еуропа елдеріне тасымалданатын отынды қадағалауға мүмкіншілік береді, дейді сарапшылар.

Ресей өз территориясы арқылы өтетін құбырдың арқасында Қазақстан, Түркменстан елдерінің энергетикалық ресурстарын алады. Ал бұл өзге жобалардың барлығын ресурссыз қалдырады деген жорамал жасалған. Ресейлік сарапшылардың пікірінше Ресей үшін бұл Еуропаға транзит арқылы өз баға саясатын жүргізуге мүмкіншілік береді және Ресей территориясындағы газ өңдеу зауыттарына шикізат жеткізіледі. Алматыдағы «Мұнай» институтының директоры Надир Надировтың айтуынша Қазақстанғада бұл құбырдың бірнеше тиімділігі бар:

- Бізге керек болса Түркменстанмен Өзбекстанның газын алып қаламыз өзіміздің халқымызға. Екіншісі, біздің территория арқылы өткеннен кейін олар бізге төлейді. Үшіншісі, өз газымызды қосып жібереміз керек болса.

Қазақстанның энергетика және минералды ресурстар министрлігінің мәліметіншеде Қазақстан осы газқұбыры арқасында транзиттан табыс тауып өз газын сатады. Осылайша өткен ғасырдың 60-70 жылдары салынған «Орталық Азия – Центр» құбырының өткізу мүмкіншілігі кеңейтіледі деп хабарланып отыр. Қазақстанның Батыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалған Бақтықожа Ізмұханбетов бұл тиімділіктерді құптаған болатын:

- Газқұбырының бірнеше шақырымы Қазақстан арқылы өтетіндіктен тариф арқылы ақша төленеді, екіншіден қазақстандық газды тасымалдайтын боламыз.

Айта кететін жайт, қазір АҚШ пен Батыс елдері құбырды Әзірбайжан мен Грузия арқылы Еуропаға тартатын «Транскаспий» газқұбырын өткізбек, дейді сарапшылар. Ал, Алматыдағы «Мұнай» институтының директоры Надир Надировтың айтуынша құбыр салғанда Қазақстан тек геосаясатты емес қоршаған ортаныда ойлап отыр:

- «Тбилиси-Баку-Джейхан» олда дұрыс. Бірақ, оның бір мәселесі бар. Кейбіреулер айтады теңіздің түбіменен құбырды өткізу керек деп, экологтар айтады үйтуге болмайды, жарылса Каспийді жойып жібереміз.

Газ төңірегіндегі соңғы келіссөздер бойынша Қытаймен Түркменстан 30 жыл бойы газ тасымалдау жөніндегі келісімге қол қойған. Қазақстан мен Қытай арасындада Түркмен газын Қытайға жеткізетін транзиттік газқұбырын салуға келісім жасалған. Өйткені Түркменстаннан Қытайға апаратын ұзындығы 7мың шақырымдық газ құбырының 1300 шақырымы Қазақстан арқылы өтеді. Түркменстаннан Қазақстан арқылы Қытайға апаратын транзиттік газ құбыры Қазақстанның Өзбекстан шекарасынан басталып Қытай шекарасында аяқталады, деп хабарланып отыр. Қытаймен Қазақстанды қосатын құбыр құрылысына қажет қаржыны екі ел теңдей бөлісіп төлейді және жоба мүмкіншіліктерін теңдей пайдаланады. Бірақ, Ресей жағы тағыда транзиттен түсетін табысын ұлғайта беруге мүдделі екенін жасырмайды. Қазақстан тарабы, бұл жобаларға Ресейліктер алаңдамағаны жөн деп айтқан.
XS
SM
MD
LG