Accessibility links

В.Путин АҚШ-тың радар жүйесін Еуропаға орналастыруына бөгет қоюға үміттенеді


АБУ-ДАБИ: Ресей президенті В.Путин Ақ үйдің зымырандық соққыдан қорғану жүйесін Еуропаға орналастыру жоспары бойынша АҚШ-пен арада әлі де болса ортақ шешімге келуге болады деп есептейді. Бүгін Біріккен Араб Әмірліктеріне бірінші сапарымен келген В.Путин: “Біз бар мүмкіндікті әлі жоғалтқан жоқпыз”, деп мәлімдеді. Кремль Вашингтонның радар жүйесінің элементтерін Польша мен Чехияға орналастыру жоспары Ресейдің ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіреді деп санап, ол жоспарға түбегейлі қарсы. Ал Ақ үйдің уәжі бойынша, ол жоспар Иран сынды елдердің зымырандық соққысынан қорғауды көздейді.

AzattyqTV

Мамайды қолдаушылар

Белсенділерді полиция ұстады

XS
SM
MD
LG