Accessibility links

Қазақстан президенті Н.Назарбаев бүгін Түркменстанға барады


Екі күнге жалғасатын сапары барысында Назарбаев Түркменстан президенті Гурбангұлы Бердымұхаммедовпен келіссөз өткізеді. Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаевтың хабарлауынша, сапар барысында мұнайгаз саласы да талқыланады. Атап айтқанда, Каспий жағалауы арқылы Түркменстаннан Қазақстан арқылы Ресейге жететін жаңа газ құбырының құрылысы жайында сөз болады деп күтілуде.
XS
SM
MD
LG