Accessibility links

БҰҰ бас-хатшысы Иран Қауіпсіздік Кеңесінің талаптарын орындауы тиіс деп мәлімдеді


БҰҰ бас-хатшысы Бан Ки Мун Иран халықаралық инспекторлармен ынтымақтасып қана қоймай Қауіпсіздік Кеңесінің талаптарын орындауы тиіс деп мәлімдеді. Ал оның алдында, Иранның ядролық мәселесі бойынша бас мәмілегері Әли Ларижани Теһран уран байыту әрекеттерін тоқтатпайды деп қайталап айтты. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Иранға қарсы тағы да шектеулер енгізсе де Теһран уран байыту жұмыстарын доғармайды, деді Ларижани. Ал дүйсенбі күні Венада атом энергиясы бойынша халықаралық МАГАТЭ агенттігінің басқарушылары Иранның ядролық бағдарламасына арналған бір апталық жиналысын бастады.
XS
SM
MD
LG