Accessibility links

Науаз Шәріфтің адвокаттары Жоғары сотқа шағым түсірді


Сауыд Арабияға қайта шығарылып жіберген Пәкістанның бұрынғы бас министрі Науаз Шәріфтің адвокаттары Жоғары сотқа шағым түсірді. Ол шетелде жеті жыл қуғында жүріп, кеше еліне оралған болатын, сайлауға түсіп, президент Перуез Мұшаррафқа бәсеке құрмақ. Алайда Науаз Шәріф бірнеше сағаттан кейін Сауыд Арабияға кері қайтарылды. Пәкістан Жоғары соты Науаз Шәріф елге оралуға сөзсіз құқылы деген тамыз айында. Науаз Шәріфтің адвокаттары Пәкістан үкіметі осы шешімге бағынбады деп шағымданып отыр.
XS
SM
MD
LG