Accessibility links

Шешен басшысы шешен әйелдеріне бастарына орамал салып жүруге жарлық етті


Шешенстанның ресейшіл президенті Рамзан Қадыров «барлық әйел азаматшалар жұмыста орамал салып жүрсін, олай болмаған жағдайда жұмыстан қуылады» деген талап қойды. Өз жарлығында Рамзан Қадыров «Мен мұсылманмын және оның барлық дәстүр, шарттарын сыйлап, құрметтеймін» деп атап көрсеткен. Биылғы жылдың басына Сауд Арабиясында қажылық сапарда болып келген Рамзан Қадыров «Грозныйда шешен әйелдерінің тар джинси шалбар мен тізеден жоғары келетін қысқа көйлек, юбка киіп алғандарын көргенде есімнен танып қала жаздадым» деген екен.
XS
SM
MD
LG