Accessibility links

Иранның сыртқы істер министрі Мәскеуде Ресей премьерімен кездеспекші


МӘСКЕУ: Бүгін Мәскеуде Иранның сыртқы істер министрі Манучер Моттақи атом энергетикасы бойынша Ресей агенттігінің төрағасы С.Кириенкомен келіссөз өткізеді. Мәскеуге сейсенбі күні күн батқанда жеткен М.Моттақи, сонымен қатар, Ресей премьері М.Фрадковпен де кездесуге тиіс. Иран министрінің Мәскеуге келуіндегі мақсаты - Иранның Бушеріндегі атом-электр стансасының құрылысын аяқтау. Ресей Ирандағы ең бірінші атом-электр стансасының құрылысын 1995-інші жылы бастады. Алайда, Теһран құрылыстың қаражатын уақытында төлемейді деген желеумен Ресей оның пайдалануға берілуін кешіктірді.
XS
SM
MD
LG