Accessibility links

77 млн. доллар қаржыны жымқырған Филиппиннің экс-президенті мәңгі түрмеде отырады


МАНИЛА: Филиппиннің бұрынғы президенті Джозеф Эстрада 77 млн. долларға жуық қаржыны заңсыз жымқырды деген айып бойынша өмірінің соңына дейін түрмеге кесілді. Экс-президенттің ісі сот мәжілісінде Манила қаласында наурыз айында қарала бастаған болатын. Джозеф Эстрада - 1998-інші жылғы сайлауында асқан басымдықпен президент болып сайланды да, бірақ 2001-інші жылғы жаппай наразылық шеруінің нәтижесінде биліктен түсірілді. Мемлекет басшылығына сол тұста вице-президент болған Глория Арройо ханым отырды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG