Accessibility links

Түркіменстандағы жаңа мұнай-газ көздерін барлау мен игеруге қазақтар қатысуы мүмкін


АШХАБАД: Қазақстан президенті Н.Назарбаев Түркіменстанға сейсенбі күні басталған 2 күндік сапарының барысында түркімен әріптесі Г.Бердімұхаммедовпен түркімен газын Қазақстан арқылы сыртқа тасымалдау мәселесін талқылады. Қазақстан президентінің баспасөз-қызметі хабарлағандай, энергетика саласындағы екі жаққа да тиімді ынтымақтастықты тереңдету мақсатында Түркіменстандағы көмірсутегі шикізатының жаңа көздерін барлау мен игеруге қазақтың мұнай компанияларының қатыса алуы мен 2 жақты ынтымақтастықтың басқа да өзекті мәселелері қаралып, Н.Назарбаев пен Г.Бердімұхамедов бірлескен Коммюникеге қол қойды.
XS
SM
MD
LG