Accessibility links

Қазақстан президенті Тәжікстанға барды


Нұрсұлтан Назарбаев Душанбеде Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен келіссөздер өткізеді. Тараптар Тәжікстандағы жобаларды қаржыландыратын жалпы қоры 100 миллион доллар болатын бірлескен инвестициялық қор құру туралы келісімге қол қоюы тиіс. Қазақстан сонымен қатар Тәжікстанның шығысындағы Хингоб өзенінде құны 60 миллион доллар болатын су электр станциясынының құрылысына қатыспақшы.Тәжікстанға дейін Қазақстан президенті Түркменстанда екі күндік сапармен болып, Гурбангұлы Бердімұхамедовпен энергия көздері мәселесін талқылаған болатын.
XS
SM
MD
LG