Accessibility links

Қазақстан мен Тәжікстан президенттері Душанбеде бірқатар келісімге қол қояды


ДУШАНБЕ: Бүгін Қазақстан президенті Н.Назарбаевтың Тәжікстанға 2 күндік сапары басталады. Оның барысында Астана мен Душанбе арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдениет салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланып, бірқатар келісімге, оның ішінде жарғылық капиталы 100 млн. долларды құрайтын инвестициялық қазақ-тәжік Қорын құру туралы келісімге қол қою жоспарланған. Бұл қор Тәжікстан жеріндегі инвестициялық жобаларды қаржыландыруға тиіс. Н.Назарбаев пен Э.Рахмон Душанбеде инвестиция және сауда саласындағы түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюға тиіс. Сондай-ақ 2 лидер “Қазақстан-Тәжікстан: кәсіпкерлік үшін жаңа мүмкіндіктер” атты безнес-форумның жұмысына қатысады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG