Accessibility links

Орта Азиялық кейбір мемлекеттерде бюджеттік ұйым қызметкерлерінің айлығы көбейтілді


Алайда, қоғамдағы жалпы айлық көлемі бұрынғысынша қалып отыр. Тек мұнайға бай Қазақстанда ғана жағдай- өзгешелеу. 100 доллардан аспайтын мардымсыз айлық халықтың күнкөрісіне жетпеуде. Сондай-ақ төменгі жалақы елдегі сыбайласқан жемқорлық пен параға кең жол ашып беруде.

Мұнайға бай Қазақстаннан басқа Орта Азия мемлекеттерінде халықтың орташа жалақысы төмен күйінде қалып отыр. Мысалы, Тәжікстанда айлық көлемі 35 доллар, ал Қырғызстанда 96 доллар шамасында қалып отыр. Бюджеттік ұйым қызметкерлерінің жалақысын келесі айдан бастап, 50 пайызға көтеруге Тәжік үкіметі уәде берген еді. Ал, Түркменстан мұғалімдерінің жалақысы биылғы оқу жылынан бастап 40 пайызға көтерілген болатын. Қырғыз еліндегі айлық көлемі осы жылдың басында өсе түскен-ді. Өзбекстан тәуелсіздігі күні президент Ислам Каримов; “Келер үш жылда жұмысшыларымыз бен бюджет қызметкерлері айлықтарын, сондай-ақ зейнетақылар мен студенттер стипендиясын 2 мен екі жарым есе аралығында өсіру- біздің міндетіміз болмақшы”, - деді Каримов. Алайда оның аталған уәдесінен жағдайдың жақсара қоятынына сенетіндер аз.

Осындай айлық көлеміне сәйкес емес деңгейде тұтыну тауарлары бағасының күрт қымбаттап кететіндігін айтып, тұрғындар шағымдануда. Мысалы, Қырғыз мұғалімі шамамен 40 және 70 доллар арасында айлық алады. Алайда, елдегі баға бойынша бұл ақшаға 20 килограм сиыр етін немесе 10 килограм сары май сатып алуға болады екен. Тажік дәрігерінің айлығы шамамен 35 доллар. Ал, бұл мемлекеттегі өсімдік майының бір литері 1 доллар, сиыр еті 4 доллар тұрады. Айлықтың өсетінін естісімен базардағы саудагерлер тауар бағасын бірден көтеріп жібереді. Бұл аз болғандай, көптеген дәрігерлер мен мұғалімдер, әсіресе алыс ауылдағы қызметкерлер айлықтарын 2-3 айға кешіктіріп алып жатады. Жарытымсыз айлық төлемақыларына жетпегендіктен, бұл елдердегі азаматтар айлықтарына қоса бақша егіп, өнімін базарда сатып, тамақтарын айыруға тырысады. Осы жетіспеушілік кесірінен бірнеше жүздеген мың азамат, оның ішінде кәсіби инженерлер, дәрігерлер және мұғалімдер де бар, Ресейге бірнеше айға барып, жалдамалы жұмыстарға жегіледі. Сондай-ақ Орта Азия әйелдері киім тігу өнерін меңгеру арқылы да табыс тауып жүр. Бау-бақша мен көкөніс фермалары, мал фермаларының жұмысын жүргізу арқылы да талай отбасының азық-түлігін қамдауға мүмкіндік туындауда.

Сарапшылардың айтуынша, мұндай төменгі жалақының кесірінен Орта Азия аймағында пара мен сыбайласқан жемқорлық өршіп кеткен. Студенттердің сынағы мен емтихандарында ақша талап ететін мұғалімдер баршылық. Ресми түрде ауруханалардағы қызмет тегін болғанымен, алайда дәрігерлердің сырқаттардан ақша талап етуі де кең таралып кеткен. Шекара, әуежай, салық мекемелері және полиция қызметкерлері тұтынушыларынан қайткенде де ақша алып қалуға тырысады.

Әлем бойынша сыбайласқан жемқорлыққа қарсы күресетін Транспаренси интернейшнл тобы Берлинде орналасқан. Осы топ 2006-шы жылғы баяндамасында Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстан елдерін әлемдегі ең коррупция жайлаған 20 елдің қатарына қосты.
XS
SM
MD
LG