Accessibility links

Ауғанстанда 45 соғысушының көзі жойылды


Ауғанстанның орталық Урузган өлкесінде орын алған қақтығыста кемінде 45 соғысушы өлтірілді. Бұл туралы АҚШ жетекшілігіндегі коалиция күштері хабарлады. Сәрсенбі күнгі шайқас соғысушылар әскери күзет бекетіне шабуыл жасаған соң басталып кеткен. Сарбаздарға көмектесу үшін әскери ұшақтар шақырылған. Ал елдің оңтүстігіндегі Хелманд өлкесінде Ауған және коалиция күштері қару-жарақ қоймасын тапқан соң, 10 соғысушыны қамауға алған.
XS
SM
MD
LG