Accessibility links

Ресей премьер-министрлігіне ұсынылған В.Зубков келесі жылы президент сайлауына түсуі мүмкін


Премьер-министрлікке Ресей президенті Владимир Путин тарапынан ұсынылған Виктор Зубков келесі жылғы президент сайлауына үміткер ретінде түсу мүмкіндігін жоққа шығармады. Сәрсенбі күні президент Путин бұрынғы премьер-министр Михаил Фрадковтың қызметінен кету жөніндегі арызын қабылдап, оның орнына Зубковты ұсынды. Енді оның кандидатурасын жұма күні парламенттің төменгі палатасы мақұлдауы тиіс. Президент сайлауына түсуіңіз мүмкін бе деген журналистердің сұрағына Зубков ол мүмкіндікті жоққа шығармай, “егер премьер-министр ретінде бір нәрсеге қол жеткізсем”, сайлауға түсуім мүмкін деп мәлімдеді. Конституция бойынша Путин үш рет қатарынан президент бола алмайды.
XS
SM
MD
LG