Accessibility links

АҚШ президенті Ираққа қатысты мәлімдеме жасамақшы


АҚШ президенті Джордж Буш Ирақтағы стратегиясына қатысты мәлімдеме жасайды деп күтілуде. Ирақтағы АҚШ әскерилерінің қолбасшысы генерал Дэвид Петреус өзінің Конгреске берген есебінде келесі жазда АҚШ күштерінің саны шамамен 30 мыңға қысқаратын шығар деп мәлімдеді. Көптеген демократтар тарапынан жоққа шығарылған оның жоспарын президент Буш қолдайды деп күтілуде.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG