Accessibility links

Еуропаға қатысты бүгін доллар өзінің төменгі жаңа деңгейіне түсті

  • Нұрлытай ҮРКİМБАЙ

Британия фунд стерлингінің бағасы 2 доллардан да асып кетті. АҚШ ақшасының бұлайша құнсыздануы, негізінен Америка экономикасы проблемасына байланысты болып отыр. АҚШ долларының халі қайта жақсара қоймас, дейді сарапшылар.

АҚШ долларының құнсыздануы - жаңалық емес. АҚШ тұрғын үй базарындағы бей-берекеттіктер нәтижесі несиелердің жағдайын нашарлатып жіберді. Мұның ықпалы тұтас экономикаға тиетін сыңайлы. Бүгін бір еуро 1,39 долларға тең болды. Сонымен мұндай құлдырауға не себеп болды?- деген сауалға жауаптың бірі таяуда ауыл шаруашылығынан тыс салаларға төлемақылардың қысқартылғандығы болса керек. Көптеген экономистердің таңқалысына қарай, тамыз айында талай жұмыс орындары қысқарды.

Лондондағы Парибас банкінің өкілі Иан Станнардтың пікірінше, АҚШ экономикасын сауықтыру үшін бұл - маңызды шара.

“Бұл - өте маңызды оқиға. Және АҚШ экономикасының құлдырауға бет алғандығының шынайы белгісі екендігіне де мегзеп отыр. Базардың күткендегісінен гөрі доллардың дағдарысы ұзақ уақытқа созылатындығын АҚШ Қаржы хатшысы Хенри Поулсонның тұспалдап отырғандығын да біз көріп отырмыз. Мұның бәрі де базардағы қозғалыстар мен алыс-берістерде көрініс табады. Және ол өз кезегінде долларды құлдыратпақшы. Инвесторлар қаржылық аталған проблема ұзаққа созылар, деп қауіптенуде. Демек доллар құны одан әрі түседі деп ойлаймыз”, - деді Станнард.

Осының бәрін ескере келе мынандай болжамға жол ашылатын сияқты. Федералдық қор, яғни АҚШ-тың Орталық банкі таяу арада несие пайызын қысқартатын болады. Осылайша өз қаржыларын пайдамен қайтарып алғысы келетін инвесторлар үшін долларды мейлінше маңызсыз етпекші. Сарапшылардың пікірінше, мұндай пайыздық қысқартулар долларға одан әрі соққы болып тимекші.

Сарапшы Станнардтың пікірінше, доллардың еуроға қатысты 1,4 деңгейі жыл соңына қарай 1,43-ке дейін құлдырауы мүмкін. Дей тұрғанмен, өзге сарапшылар доллар одан әрі қалай құлдырауы мүмкін?-деген болжамды жасауға құлық танытпай отыр. Лондонда орналасқан Қор экономикасы өкілі Симон Хейли ұзақ жылдарға арналған үмітін де айтуда. Біраз жылдардан кейін доллар 1,2 деңгейінде орнығуы мүмкін. Ол үшін ағымдағы есеп тапшылығын ретке келтіріп, тұтас экономикаға толық бақылау орнату керек, дейді сарапшы. Мұндай қорытындыға жету үшін әлі ұзақ жолды жүріп өту керек, дейді Хейли.
XS
SM
MD
LG