Accessibility links

Президент Дж. Буш Ирақтағы АҚШ әскерлері біртіндеп қысқартылатындығын хабарлады


Теледидардан халыққа арнаған үндеуінде ол осы жылдың аяғына дейін 5700 жасақ Ирақтан қайтарылады деді. Буш АҚШ әскерлерінің Ирақтан шығарылу кестесі ондағы істің табыстылығына байланысты болады деп атап көрсетті.

- Ирақтағы әскерлерді қайтару жөніндегі менің шешімім табыспен қайту деген шартқа негізделген. Біз көп жетістікке жеттік, енді жасақтар үйлеріне қайта алады, - деді АҚШ президенті.

Дж. Буш Ирақтағы әскерлер қолбасшысы генерал Петреустің ұсыныстарын қабыл алғандығын айтты.

AzattyqTV

Вашингтонға әйелдер маршы

Әлем елдері үн қосқан шеру

XS
SM
MD
LG